Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 18.04.2018 № 18-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 422-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызметін Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне салықтың бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 1 ақпандағы № 14-2 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-87 тіркелген, аудандық "Вести" газетінде 2009 жылғы 20 наурызда жарияланған);
2) "Бір жолғы талондардың құны және бекітілген салықтың бірыңғай ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 1 ақпандағы № 14-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-5 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2254 тіркелген, аудандық "Вести", "Мағжан жұлдызы" газеттерінде 2013 жылғы 26 сәуірде жарияланған).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихаты сессиясының | |
төрағасы | В. Илюшин |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Т. Әбілмәжінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрліг
Салық комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Салық департаменті
Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша
Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Т. Кемелев
2013 жыл 27 маусым
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне қосымша |
Қызметін Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері
р/с | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | 2 | 3 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 4 |