"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарын беру және Мамлютка қаласы мен ауылдық округтердің әкімдеріне үмiткерлердiң таңдаушыларымен кездесулерiн өткiзу үшiн үй-жайды белгiлеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 шілдедегі № 251 қаулысы күшін жойған деп танылсын (2014 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2848 болып тіркелген).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Сыздықов |