Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарын беру және Мамлютка қаласы мен ауылдық округтердің әкімдеріне үмiткерлердiң таңдаушыларымен кездесулерiн өткiзу үшiн үй-жайды белгiлеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі N 251 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 шілдеде N 2848 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 27.02.2018 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мамлют аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы мен ауылдық округтері әкімдеріне барлық үміткерлер үшін Мамлют ауданының аумағында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орны Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Мамлют № 1 мектеп-гимназиясының акт залында орналасқан стенд белгiленсiн.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы мен ауылдық округтердің әкімдеріне барлық үмiткерлердiң таңдаушыларымен Мамлют ауданының аумағында кездесулерді өткiзу үшiн келісім шарт негізде Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Мамлют № 1 мектеп-гимназиясының акт залы берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы Қ.С. Сарбалиновқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының әкімі Е. Бекшенов
      КЕЛІСІЛДІ"
      Мамлют аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы В. Целуйко
      3 шілде 2014 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады