Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 106 және 109-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің бюджеті туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4508 болып тіркелді, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 23/4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"1. 1, 2 және сәйкесінше 3 қосымшаларға сәйкес 2018-2020 жылдарға, соның ішінде 2018 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің бюджеті, келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 28228,6 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер – 7624 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 20604,6 мың теңге;
2) шығындар – 28228,6 мың теңге;
3) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығын (профициті) – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.";
5-1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"5-1. 2018 жылға ауылдық округі бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін нысаналы ағымды трансферттер көлемі 5145,6 мың теңге сомада ескерілсін.".
Нұсқалған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Д.Могунова |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы |
Р. Нұрмұқанова |
2018 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Класс | Ішкі класс | Атауы | Сома, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1) Кірістер | 28228,6 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 7624 | ||
01 | Табыс салығы | 2116 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 2116 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 5508 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 16 | ||
3 | Жер салығы | 946 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 4546 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 20604,6 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғарғы тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 20604,6 | ||
3 | Аудандық бюджеттен (облыстық маңыздағы қала) трансферттер | 20604,6 | ||
Функционалдық топ | Әкімгері | Бағдарлама | Атауы | Сома, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2) Шығыстар | 28228,6 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 11446 | ||
124 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 11446 | ||
001 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 11148 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығындары | 298 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 767 | ||
124 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 767 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 600 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыру | 167 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 10694 | ||
124 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 10694 | ||
006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау | 10882,6 | ||
13 | Басқалар | 4133 | ||
124 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 4133 | ||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы щеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру елді мекендерді жайластыру сұрақтарын шешу үшін іс-шараларды жүзеге асыру | 5133 | ||
3) Қаржылық активтермен операциялық сальдо | 0 | |||
қаржылық активтерді сатып алу | 0 | |||
мемлекеттік қаржылық активтерін сатудан түсімдер | 0 | |||
4) Бюджеттің жетіспеушілігі (артықшылығы) | 0 | |||
5) Бюджеттің жетіспеушілігін (артықшылықты қолдану) қаржыландыру | 0 | |||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 0 |