"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мамлют ауданы Воскресенов селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-126 болып тіркелді, 2010 жылғы 7 қаңтардағы "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні,сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Құсайынов |