Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 70 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтары жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 217 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 5100 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 15.01.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 70 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтары жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4145 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтары жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген санаттардың біреуі бойынша жылына бір рет көрсетіледі.";

      1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның 11) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) пробация қызметінің есебінде болуы;";

      "13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейінің бір жарым еселік мөлшері шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
XXХIV сессиясының төрағасы
Қ. Шәріпов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
хатшысы
Қ. Шәріпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ________________ Қ. Ақсақалов

      2018 жылғы "___" ___________

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 217 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтары жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

р/с №

Атаулы күндердің, мереке күндерінің атаулары және әлеуметтік көмек алушылар санаттары

Әлеуметтік көмек көрсету еселігі және мөлшері

15 ақпан – "Ауған аумағынан әскерді шығару күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар. 

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасылары.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

2

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары. 

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

жылына бір рет
жүз айлық есептік көрсеткіш

2

Қорғанысқа қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының әскери қызметкерлері.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

3

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яғни сол кездерде қорғанысқа қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда болған адамдар.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болған адамдар.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

5

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

7

Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

8

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

9

Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яғни майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасылары.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

12

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулерi).

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар.

жылына бір рет
бес айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
1) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
2) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
3) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
4) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгі министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
5) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар танылады.

жылына бір рет
он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.

жылына бір рет
жеті айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары. 

жылына бір рет
он айлық есептік көрсеткіш


О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 4 апреля 2017 года № 70 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 10 декабря 2018 года № 217. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 26 декабря 2018 года № 5100. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 15 января 2021 года № 7

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 15.01.2021 № 7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Тайыншинского района Северо-Казахстанской области" от 4 апреля 2017 года № 70 (опубликовано 26 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4145) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Тайыншинского района Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Перечень памятных дат и праздничных дней, а также кратность оказания социальной помощи устанавливается согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Размер социальной помощи к памятным датам и праздничным дням устанавливается в едином размере по согласованию с акиматом Северо-Казахстанской области.

      Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по одной из категорий, указанных в приложении 1 к настоящим Правилам, один раз в год.";

      приложение 1 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению;

      подпункты 11) и 13) приложения 2 изложить в следующей редакции:

      "11) нахождение на учете службы пробации;";

      "13) наличие среднедушевого дохода лица (семьи) не превышающего порога полуторократного размера прожиточного минимума;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXХIV сессии
маслихата Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
К.Шарипов
      Секретарь
маслихата Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
К.Шарипов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Северо-Казахстанской области

      ________________ К. Аксакалов

      "__" ________ 2018 года

  Приложение к решению маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 10 декабря 2018 года № 217
  Приложение 1 к Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Перечень памятных дат, праздничных дней, категорий получателей, а также кратность и размер оказания социальной помощи

№ п/п

Наименование памятных дат, праздничных дней и категорий получателей социальной помощи

Кратность и размер оказания социальной помощи

15 февраля - "День вывода войск с территории Афганистана"

1

Военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза Советских Социалистических Республик принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик; рабочие и служащие, обслуживающие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за участие в обеспечении боевых действий.

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

2

Военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученные при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении военной службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия.

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

3

Рабочие и служащие соответствующих категорий, обслуживавшие действующие воинские контингенты в других странах и ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий. 

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

4

Семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия. 

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

5

Рабочие и служащие, направлявшиеся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и в другие страны, в которых велись боевые действия. 

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

6

Рабочие и служащие Комитета государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, временно находившихся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск.

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

8 марта - "Международный женский день"

1

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алка", "Күміс алка", орденами "Материнская Слава" I и II степени или ранее получивших звание "Мать-Героиня". 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

26 апреля – "День памяти аварии на Чернобыльской атомной электростанции"

1

Лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях. 

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

2

Лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей. 

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

3

Семьи лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения.

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

4

Семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний. 

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

5

Лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии. 

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

7 мая - "День защитника Отечества"

1

Семьи военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями.

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

2

Семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время. 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

9 мая - "День Победы"

1

Участники и инвалиды Великой Отечественной войны.

один раз в год
сто месячных расчетных показателей

2

Военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии.

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

3

Лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии. 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

4

Лица, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг.

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

5

Лица, принимавшие участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований.

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

6

Работники специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, Морского и речного флота, летно-подъемного состава Главного северного морского пути, переведенные в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявшие задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств. 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

7

Граждане, работающие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда".

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

8

Бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны. 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

9

Лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, где велись боевые действия. 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

10

Лица из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской Советской Социалистической Республики, Белорусской Советской Социалистической Республики, Литовской Советской Социалистической Республики, Латвийской Советской Социалистической Республики, Эстонской Советской Социалистической Республики, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах. 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

11

Семьи погибших в Великую Отечественную войну лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьи погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда. 

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

12

Жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак.

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

13

Лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны.

один раз в год
пять месячных расчетных показателей

31 мая - "День памяти жертв политических репрессий и голода"

1

Лица, непосредственно подвергавшиеся политическим репрессиям на территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик и в настоящее время являющихся гражданами Республики Казахстан.

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

2

Лица, постоянно проживавшие до применения к ним репрессий на территории, ныне составляющей территорию Республики Казахстан, в случаях:
1) применения репрессий советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза Советских Социалистических Республик;
2) осуждения военными трибуналами действующей армии во время второй мировой войны (гражданских лиц и военнослужащих);
3) применения репрессий после призыва для прохождения воинской службы за пределы Казахстана;
4) применения репрессий по решениям центральных союзных органов: Верховного Суда Союза Советских Социалистических Республик и его судебных коллегий, коллегии Объединенных государственных политических управлений Союза Советских Социалистических Республик, особого совещания при Народном комиссариате внутренних дел - Министерстве государственной безопасности - Министерстве внутренних дел Союза Советских Социалистических Республик, Комиссии Прокуратуры Союза Советских Социалистических Республик и Народного комиссариата внутренних дел Союза Советских Социалистических Республик по следственным делам и других органов;
5) применения репрессий за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел.

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

3

Лица, подвергшиеся насильственному противоправному переселению в Казахстан и из Казахстана на основании актов высших органов государственной власти Союза Советских Социалистических Республик.

один раз в год
пятнадцать месячных расчетных показателей

4

Дети жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на специальном поселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без попечения родителей или одного из них. 

один раз в год
семь месячных расчетных показателей

30 августа - "День Конституции Республики Казахстан"

1

Лица, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан, пенсионеры, имеющие статус персонального пенсионера областного значения, почетные граждане области (города, района).

один раз в год
десять месячных расчетных показателей