"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тайынша ауданы Абай селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-198 тіркелді, 2011 жылғы 14 қаңтарында "Тайынша таңы" және 2011 жылғы 14 қаңтарында "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтін бойынша, сонымен қатар қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
К. Ысқақов |