"Тайынша ауданы Абай селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4823 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тайынша ауданы Абай селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-198 тіркелді, 2011 жылғы 14 қаңтарында "Тайынша таңы" және 2011 жылғы 14 қаңтарында "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтін бойынша, сонымен қатар қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      К. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады