"Қазақстан Республикасынның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 маусымдағы № 6 "Тайынша ауданы Чермошнян селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-184 тіркелді, 2010 жылғы 16 шілдеде"Тайынша таңы" газетінде және 2010 жылғы 16 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтін бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық" "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | М. Хамзин |