"Тайынша ауданы Чермошнян селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 маусымдағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4822 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасынның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 маусымдағы № 6 "Тайынша ауданы Чермошнян селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-184 тіркелді, 2010 жылғы 16 шілдеде"Тайынша таңы" газетінде және 2010 жылғы 16 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтін бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық" "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі М. Хамзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады