"Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 23/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 мамырда № 4725 болып тіркелді. . Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 50/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 50/3 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/4 шешіміне (2016 жылғы 3 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3768 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негізді қоспағанда, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша әлеуметтік көмек "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй салу үшін сүректі түбірімен босату тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 381 қаулысымен айқындалған тәртіппен көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 9-бабының 1-тармағында көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жеке тұрғын үй салу үшін 40 (қырық) тығыз текше метрден артық болмайтын мөлшерде қабығы алынбаған іске жарамды сүрек түбірі құнының елу пайыз төлемі түрінде бір рет беріледі.".

      Қағидалардың 2 және 3-қосымшалары тиісінше осы шешімге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХІІІ сессиясының төрағасы С. Жүкеев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Мұстафин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ____________________ Қ. Ақсақалов

      2018 жылғы "03" мамыр

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 23/6 шешіміне
1-қосымша
  Тимирязев ауданының
  әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерлерін белгілеудің және
  мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының
  тізбесін айқындаудың қағидаларына
  2-қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Реттік

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаттары

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және оның еселігі

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен немесе мүліктік залал тартқан азаматтар (отбасылар)

50 ең төменгі есептік көрсеткішке дейін, бір жолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен 6 айдан кешіктірмей

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 23/6 шешіміне 2-қосымша
  Тимирязев ауданының
  әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерлерін белгілеудің және
  мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының
  тізбесін айқындаудың қағидаларына
  3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық даму мүмкiндiктерiнiң шектелуi;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;

      8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;

      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;

      12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;

      15) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7 және 8-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;

      16) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7 және 8-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5 және 7-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

      18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;

      19) Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнің, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 9-бабының 1-тамағында көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының жеке тұрғын үй салу үшін қабығы алынбаған іске жарамды түбірімен сүрекке мұқтаждығы.

О внесении изменений и дополнения в решение Тимирязевского районного маслихата от 27 апреля 2016 года № 2/4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Тимирязевского района"

Решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 27 апреля 2018 года № 23/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 15 мая 2018 года № 4725. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2020 года № 50/3

      Сноска. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 23.12.2020 № 50/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года "О правовых актах" Тимирязевский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Тимирязевского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Тимирязевского района" от 27 апреля 2016 года № 2/4 (опубликовано 3 июня 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3768), следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Тимирязевского района (далее – Правила), утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих на территории Тимирязевского района Северо-Казахстанской области.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации, за исключением основания, указанного в подпункте 19) приложения 3 к настоящим Правилам, заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа предоставляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Социальная помощь по основанию, указанному в подпункте 19) приложения 3 к настоящим Правилам, оказывается в порядке, определенном постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 22 сентября 2017 года № 381 "Об определении порядка отпуска древесины на корню для строительства индивидуальных жилых домов отдельным категориям граждан.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Социальная помощь по основанию, указанному в подпункте 19) приложения 3 к настоящим Правилам, предоставляется инвалидам Великой Отечественной войны, а также семьям погибших военнослужащих, указанным в пункте 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" один раз в виде оплаты пятидесяти процентов от стоимости деловой древесины на корню в объеме не более 40 (сорока) плотных кубических метров для строительства индивидуального жилого дома.".

      Приложения 2 и 3 Правил изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему решению соответственно.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXIII сессии районного маслихата С. Жукеев
      Секретарь районного маслихата С. Мустафин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Северо-Казахстанской области

      ______________________К. Аксакалов

      "03" мая 2018 года

  Приложение 1 к решению Тимирязевского районного маслихата № 23/6 от 27 апреля 2018 года
  Приложение 2
  к Правилам оказания социальной помощи,
  установления размеров и определения
  перечня отдельных категорий нуждающихся
  граждан Тимирязевского района

Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, ее кратность, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара

№ п/п

Категории получателей социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара

Предельные размеры социальной помощи и ее кратность

Сроки обращения
за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара

1

Граждане (семьи) пострадавшие либо понесшие имущественный ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара

50 минимальных расчетных показателей, единовременно

Не позднее 6 месяцев со дня наступления трудной жизненной ситуации

  Приложение 2
  к решению Тимирязевского
  районного маслихата
  № 23/6 от 27 апреля 2018 года
  Приложение 3
  к Правилам оказания социальной помощи,
  установления размеров и определения
  перечня отдельных категорий нуждающихся
  граждан Тимирязевского района

Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) при наступлении трудной жизненной ситуации

      1) сиротство;

      2) отсутствие родительского попечения;

      3) безнадзорность несовершеннолетних, в том числе девиантное поведение;

      4) ограничение возможностей раннего психофизического развития детей от рождения до трех лет;

      5) стойкие нарушения функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      6) ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      7) неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;

      8) жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      9) бездомность (лица без определенного места жительства);

      10) освобождение из мест лишения свободы;

      11) нахождение на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;

      12) нахождение несовершеннолетних в организациях образования с особым режимом содержания;

      13) наличие среднедушевого дохода лица (семьи) не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума;

      14) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара;

      15) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны, а также лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, указанных в статьях 5, 6, 7 и 8 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" в зубопротезировании;

      16) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны, а также лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, указанных в статьях статьях 5, 6, 7 и 8 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" в санаторно-курортном лечении в санаториях и профилакториях Республики Казахстан;

      17) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны, указанных в статьях 5 и 7 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" в возмещении затрат за оплату коммунальных услуг и приобретения топлива;

      18) наличие у граждан, находящихся на амбулаторном лечении, активной формы туберкулеза;

      19) нуждаемость инвалидов Великой Отечественной войны, а также семей погибших военнослужащих, указанных в пункте 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" в деловой древесине на корню для строительства индивидуального жилого дома.