"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Тимирязев ауданы Тимирязев селолық округі Тимирязев селосының жаңа көшесінің атауы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-152 болып тіркелді, аудандық "Көтерілген тың", "Нива" газеттерінде 2012 жылғы 23 маусымда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
мәтінде және тақырыбында "селосы" деген сөз тиісінше "ауылы" деген сөзге ауыстырылсын; "селосының" деген сөз тиісінше "ауылының" деген сөзге ауыстырылсын; "селолық" деген сөз тиісінше "ауылдық" деген сөзге ауыстырылсын.
Орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Байгужин |