Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 13.09.2019 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 17-07/156 ұсынысы негізінде Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылының оңтүстік жағында үш шақырым жерде орналасқан, Беловод табына шектеу іс – шаралары белгіленсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі |
С.Сәниев |