Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 77 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 5563 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 17-07/91 ұсынысы негізінде, Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылынан оңтүстік бағытындағы үш шақырым жерде орналасқан, Беловод табынына ірі қара малдың бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларының белгілеу туралы" 2018 жылғы 15 тамыздағы № 41 (2018 жылғы 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4879 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ауылдық округтің әкімі С. Саниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады