Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 198-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 4093 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихат кезекті XXI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А. Талтенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

  Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 198-VI шешімімен бекітілген

Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі (бұдан әрі – Заң) Заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 тіркелді), 2015 жылғы 2 ақпандағы "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 тіркелді ) (бұдан әрі – Бұйрық), 2015 жылғы 25 ақпандағы "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 тіркелді) бұйрықтарына сәйкес әзірленді және Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Қағида Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстық өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен нысанын жылу маусымына дайындау және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді.

      3. Осы Қағиданы:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органдарына;

      2) коммуналдық қызметтерді көрсетушілер мен тұтынушыларына;

      3) Атырау облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен нысанын салу, монтаждау, реттеу және жөндеумен айналысатын ұйымдарға орындау үшін ұсынылады.

      4. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдар мен мекемелер тұтынушыларды жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті өлшемдерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық тәртібі, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.

      5. Облыстың аумағында күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа нысандардың дайындығы жергілікті атқарушы органдардың жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Өз құзыреті шегінде Атырау облысын жылу маусымына дайындау мен оны өткізуді жалпы үйлестіру облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін жұмысқа дайындауды бағалау жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссиясымен жүзеге асырылады.

      6-1. Алдағы жылу маусымында Атырау облысының инженерлік-энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылу маусымына дайындық жоспары) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын, жылу маусымы аяқталғаннан кейін қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жылу маусымына дайындық жоспарларын ұсынады;

      2) қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылу маусымына дайындық жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;

      3) қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылу маусымына дайындықтың бірыңғай жоспарларын жыл сайын 15 мамырға дейін "Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) жинақ үшін ұсынады;

      Ескерту. Шешім 6-1 тармақпен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 27.09.2024 № 124-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6-2. Жылу маусымына дайындық жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:

      1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындарымен қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына –апта сайын дүйсенбі күні;

      2) қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары өз өңірі бойынша жинақ есепті – Басқармаға апта сайын сейсенбі күні;

      3) Басқарма облыс бойынша жинақ есепті әр аптаның сәрсенбі күні – Атырау облысының әкімдігіне ұсынады.

      Ескерту. Шешім 6-2 тармақпен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 27.09.2024 № 124-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6-3. Жылыту маусымына дайындық кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған жағдайда есепке мыналар көрсетіледі:

      1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;

      2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;

      3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері көрсетіледі.

      Ескерту. Шешім 6-3 тармақпен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 27.09.2024 № 124-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

2. Жылу маусымына дайындық

      8. Жылу маусымы дайындығына:

      1) өткен жылу маусымында анықталған ақауларды талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындау;

      2) жылу маусымына дайындық жоспарын әзірлеу;

      3) мердігер ұйымдарымен қаржыландыру және шарттар жасау, жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

      4) жылумен жабдықтау көздері және орталық жылу пункттерінде қажетті жөндеу жұмыстарын өткізу, соның ішінде қазандар, түтікшелер, құбырларды қарау және сынап білу;

      5) жылу желілері жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимінің кестесін әзірлеу;

      6) инженерлік желілерде, соның ішінде жаңартумен, күрделі және ағымдағы жөндеулер, сынаулар және шаюмен байланысты жұмыстарды орындау;

      7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде алдын-ала қарау, жоспарлы жөндеулерді орындау;

      8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің алдын-ала қаралуы, жөнделуі және ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткізу;

      9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында технологиялық апаттарды және табиғат апат салдарларын жою үшін негізгі және резервті отынның нормативтік қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құру;

      10) отын қоймаларын дайындау, қорлы отын шаруашылықтардың инженерлік жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдерді жою жүйелерінің, теміржол және автомобиль кіреберіс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуін орындау жатады.

      9. Үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативі және кондоминиум нысандарын басқару органдарына ұсынылады:

      1) жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетілетін үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстар, пайдалану жауапкершілігі бөлігі шегінде ортақ үйлік жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) ортақ үйлік қажеттілік үшін пайдаланылатын жылумен жабдықтау бойынша қызметтердің тиімді тұтынылуын қамтамасыз ету, үйішілік желілер мен құрылыстарда шығындарды болдырмау;

      3) жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетушіге жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетушімен орнатылған пломбалардың тұтастығының бұзылу жағдайлары туралы хабарлау;

      4) мүмкіндік болған жағдайда үйішілік инженерлік желілерде және құрылыстардағы зақымдарды өз күшімен жою;

      5) тәуліктің кез келген уақытында жергілікті атқарушы органдардың және жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуші өкілдерінің ортақ үйлік есептеу құралдарына, үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      6) үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық күйде ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тараптарды тарту, сервистік қызмет субъектісімен шарттарды жасау және орындалуын бақылау;

      7) үй-жай (пәтер) иелерімен жиналыстар, жазбаша сауалдарды өткізуді ұйымдастыру;

      8) барлық үй-жай (пәтер) иелері үшін (атауы, байланыс телефондары, апатты қызметтердің телефондары), ғимаратты жөндеуді және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуші ұйымдар туралы ақпараттарды барлық қол жетімді көрнекті орындарда, ақпарат тақталарында орналастырылуын қамтамасыз ету;

      9) кондоминиум нысанның санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

      10) апатты жағдайлардың туындау жағдайларынан басқа, үй-жай (пәтер) иелерін инженерлік желілер жұмысы тәртібінің сөндірілуі, сыналуы немесе басқа да өзгерістері туралы екі тәулік ішінде хабарлау.

      10. Нысандарда апаттарды жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстарды келесі мерзімдерде:

      1) күзгі кезеңдегі жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;

      2) жүктелімнің қысқы ең жоғарғы өту кезеңінде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау ұсынылады.

      Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші коммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      12. Отын қоры шаруашылығын жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      13. Пайдалануға дайындық жылу маусымы басталғанға дейін ресімделген дайындық паспорттарымен расталады:

      1) Бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің паспортын алуға өтініш;

      2) Бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      Әзірлік актісіне осы Бұйрықтың 5-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттарының орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс үшін әзірлік паспорттарын уақытылы алмаған жағдайда, энергия өндіруші және энергия тасымалдаушы ұйымдар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 27.09.2024 № 124-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Жылумен жабдықтау жүйесін байқап көру

      14. Жылу маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру жүргізіледі.

      15. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

      Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскесінің жабдықтарының жарамдылығы тексеріледі, сынау, шаю және қабылдау актілері қаралады.

      16. Байқап көру үрдісінде жылу желілері, жылумен жабдықтау көздері және тұтынушылар бойынша айқындалған ескертулер жылу беру маусымының басталуына дейін жойылады.

4. Жылу тәртібі

      17. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін қаланың және ауданның жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарымен келістіру ұсынылады. Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес бекітілген көрсеткішті жылу тасығышты (су және бу) беруді қамтамасыз етеді.

      18. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйін тексеруді және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін өткізеді.

      19. Пайдалану процесінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылу маусымының басталуына дейін жойылады.

      20. Жылу беру маусымы жарияланғаннан бастап:

      1) хабарландыру сызбасы белгіленеді, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен нысандарының жауапты қызметкерлерінің кезекшілігі бекітіледі;

      2) кәсіпорындарда апатты-қалпына келтіру бригадалары дайындалады;

      3) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерлерімен ғимараттың жылу тасығыш жүйесі жұмысын және жылылау күйін кезеңмен тексеру және бақылау ұйымдастырылады;

      4) жылумен жабдықтау көздерінде қор және апатты жабдықтардың жұмысы, негізгі және қор отынының, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі.

      21. Жылу көздерінде және жылу желілерінде апатты жағдай жарияланғаннан бастап:

      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен нысандарында тәулік бойы кезекшілік енгізіледі;

      2) кәсіпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апатты-жаңғырту бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.

5. Жылу маусымының аяқталуы және жылу беру маусымы аралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      22. Үш тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8℃ және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасы күрт көтерілуі туралы болжам болған кезде Атырау қаласы және аудан әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының аяқталғандығы туралы жариялайды.

      Жылу маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу жүйесін ажыратады және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 27.09.2024 № 124-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді бір мезгілде 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуымен байланысты жөндеудің ұсынылатын мерзімі – 14 күнтізбелік күн.

      24. Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.

6. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

      25. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына және энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтерді көрсету шартына сәйкес белгіленеді.

Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Атырауской области

Решение Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 198-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 9 апреля 2018 года № 4093

      В соответствии с подпунктом 4-1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" областной маслихат VІ созыва на очередной XXI сессии РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Атырауской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии Атырауского областного маслихата по вопросам соблюдения законности, депутатской этики и правовой защиты (А. Абдолов).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Талтенов
      Секретарь маслихата У. Зинуллин

  Утверждено решением Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 198-VI

Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Атырауской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Атырауской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" (далее - Закон), приказами Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года "Об утверждении Правил пользования тепловой энергией" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10234), от 2 февраля 2015 года "Об утверждении Правил получения энергопроизводящими, энергопередающими организациями паспорта готовности к работе в осенне – зимний период" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10516) (далее - Приказ), от 25 февраля 2015 года "Об утверждении Правил пользования электрической энергией" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10403) и определяют порядок подготовки и проведения отопительного сезона в Атырауской области.

      2. Правила координируют деятельность местных исполнительных органов, организаций жилищно-коммунального и топливно-энергетического комплекса Атырауской области по подготовке объектов производственного, социального, жилищно-коммунального и топливно-энергетического комплекса области к отопительному сезону для обеспечения их устойчивого функционирования в период его прохождения.

      3. Настоящие Правила рекомендованы для исполнения:

      1) местным исполнительным органам области;

      2) услугодателям и потребителям коммунальных услуг;

      3) организациям, выполняющим строительство, монтаж, наладку и ремонт объектов жилищно-коммунального и энергетического комплекса Атырауской области.

      4. Организации и учреждения, входящие в жилищно-коммунальный и топливно-энергетический комплекс области обеспечивают устойчивое теплоснабжение, водоснабжение, электроснабжение, газоснабжение, топливоснабжение и водоотведение потребителей, а также поддерживают необходимые параметры энергоносителей и обеспечивают нормативный температурный режим в жилых домах и зданиях с учетом их назначения и платежной дисциплины энергопотребления.

      5. Готовность объектов к работе на территории области осуществляется, согласно ежегодного постановления местных исполнительных органов.

      6. В пределах своей компетенции, общая координация за подготовкой и проведением отопительного сезона Атырауской области осуществляется областной межведомственной комиссией по оценке готовности производственного и социального комплекса области к работе.

      6-1. Предоставление ежегодного плана подготовки объектов инженерно-энергетического комплекса и жилищно-коммунального хозяйства Атырауской области к работе в зимних условиях в предстоящем отопительном сезоне (далее – план подготовки к отопительному сезону) осуществляется в следующем порядке:

      1) предприятия, входящие в жилищно-коммунальный и топливно-энергетический комплекс области, представляют ежегодно, по окончанию отопительного сезона, планы подготовки к отопительному сезону в местные исполнительные органы города и районов;

      2) местные исполнительные органы города и районов объединяют представленные планы подготовки к отопительному сезону в единый план;

      3) местные исполнительные органы города и районов представляют ежегодно до 15 мая единые планы подготовки к отопительному сезону в государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Атырауской области" (далее -Управление) для свода.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 6-1 в соответствии с решением Атырауского областного маслихата от 27.09.2024 № 124-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6-2. Отчеты по выполнению планов подготовки к отопительному сезону представляются в следующем порядке:

      1) предприятиями, входящими в жилищно-коммунальный и топливно-энергетический комплекс, еженедельно по понедельникам – в местные исполнительные органы города и районов;

      2) местными исполнительными органами города и районов сводный отчет по своему региону еженедельно по вторникам – в Управление;

      3) Управление представляет сводный отчет по области еженедельно по средам в акимат Атырауской области.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 6-2 в соответствии с решением Атырауского областного маслихата от 27.09.2024 № 124-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6-3. При невыполнении запланированных работ при подготовке к отопительному сезону к отчету указываются:

      1) справка с указанием причин невыполнения;

      2) принимаемые меры по исправлению ситуации;

      3) новые сроки выполнения работ.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 6-3 в соответствии с решением Атырауского областного маслихата от 27.09.2024 № 124-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Взаимоотношения энергоснабжающих организаций с потребителями (абонентами) определяются заключенным между ними договором и действующим законодательством Республики Казахстан.

2. Подготовка к отопительному сезону

      8. Подготовка к отопительному сезону включает:

      1) выявление недостатков, по прошедшему отопительному сезону, выполнение мероприятий по устранению выявленных дефектов и нарушений;

      2) разработка плана по подготовке к отопительному сезону;

      3) решение вопросов финансирования и заключение договоров с подрядными организациями, материально-техническое обеспечение ремонтных и строительно-монтажных работ;

      4) проведение необходимых ремонтных работ на источниках теплоснабжения и центральных тепловых пунктах, в том числе осмотры и испытания котлов, сосудов, трубопроводов;

      5) разработку графика отпуска тепла и гидравлического режима работы тепловых сетей;

      6) выполнение работ на инженерных сетях, в том числе связанных с реконструкцией, капитальным и текущим ремонтами, испытаниями и промывками;

      7) выполнение профилактических, плановых ремонтов на электроисточниках, теплоисточниках и инженерных сетях;

      8) проведение работ по подготовке зданий (домов), профилактике, ремонту и замене оборудования инженерных систем внутри зданий (домов);

      9) создание нормативных запасов основного и резервного топлива, а также аварийных запасов материально-технических ресурсов для устранения технологических аварий и ликвидации последствий стихийных бедствий на объектах энергетики и жилищно-коммунального хозяйства;

      10) подготовку топливных складов, выполнение ремонта инженерного оборудования резервных топливных хозяйств, систем подготовки топлива, топливоподачи, удаления шлака и золы, железнодорожных и автомобильных подъездных путей, противопожарного хозяйства.

      9. Кооперативам собственников помещений (квартир) и органам управления объектом кондоминиума рекомендуется:

      1) обеспечивать сохранность, безопасность, надлежащее техническое состояние и эксплуатацию внутридомовых инженерных сетей и сооружений, посредством которых предоставляются услуги по теплоснабжению, общедомовых приборов учета тепловой энергии в пределах границ раздела эксплуатационной ответственности;

      2) обеспечивать рациональное потребление услуг по теплоснабжению, используемых на общедомовые нужды, предотвращают потери на внутридомовых инженерных сетях и сооружениях;

      3) уведомлять поставщика услуг по теплоснабжению о случаях нарушения целостности пломб, установленных поставщиком услуг по теплоснабжению;

      4) при возможности собственными силами ликвидировать повреждения на внутридомовых инженерных сетях и сооружениях;

      5) обеспечивать беспрепятственный доступ представителей местных исполнительных органов и поставщика услуг по теплоснабжению к общедомовым приборам учета, внутридомовым инженерным сетям и сооружениям в любое время суток;

      6) привлекать третьих лиц для осуществления ремонтных и эксплуатационных работ по содержанию внутридомовых инженерных сетей и сооружений в надлежащем техническом состоянии, заключать и контролировать исполнение договоров с субъектом сервисной деятельности;

      7) организовывать проведение собраний, письменных опросов собственников помещений (квартир);

      8) обеспечивать для всех собственников помещений (квартир), во всех доступных для обозрения местах, размещение на стендах информации об организациях (название, контактные телефоны, телефоны аварийных служб), осуществляющих обслуживание и ремонт помещения, а также об организациях - поставщиках услуг по теплоснабжению;

      9) принимать меры по обеспечению бесперебойной работы санитарно-технического и инженерного оборудования объекта кондоминиума;

      10) уведомлять собственников помещений (квартир), об отключении, испытании или ином изменении режима работы инженерных сетей – в течение двое суток, кроме случаев возникновения аварийных ситуаций.

      10. Ликвидация аварий на объектах осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      11. Работы на источниках теплоснабжения и центральных тепловых пунктах рекомендуется выполнять в следующие сроки:

      1) необходимые для обеспечения нужд отопления в осенний период – ежегодно в срок до 1 сентября;

      2) необходимые для обеспечения нужд отопления в период прохождения зимнего максимума нагрузок – ежегодно в срок до 1 октября.

      Работы по ремонту и профилактике коммуникаций, обеспечивающих источники теплоснабжения, рекомендуется закончить до 1 сентября.

      12. Работы по планово-предупредительному ремонту резервного топливного хозяйства рекомендуется завершить к 1 сентября.

      13. Готовность к эксплуатации подтверждается паспортами готовности, которые оформляются до начала отопительного сезона на основании:

      1) заявления на получение паспорта готовности энергопроизводящих, энергопередающих организаций к работе в осенне-зимний период по форме, согласно приложению-3 к Приказу;

      2) акт готовности энергопроизводящих, энергопередающих организаций к работе в осенне-зимний период по форме, согласно приложению-4 к Приказу.

      К акту готовности прилагаются документы, подтверждающие выполнение условий для получения паспорта готовности организаций к работе в осенне-зимний период, указанных в приложении-5 к Приказу;

      В случае несвоевременного получения паспорта готовности для работы в осенне-зимних условиях, энергопроизводящие и энергопередающие организации несут административную ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным решением Атырауского областного маслихата от 27.09.2024 № 124-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Опробование систем теплоснабжения

3. Опробование систем теплоснабжения

      14. Для проверки готовности источников теплоснабжения, тепловых сетей к началу отопительного сезона и выявления скрытых дефектов проводится опробование систем теплоснабжения.

      15. Пуск и опробование магистральных и распределительных тепловых сетей производится пусконаладочной бригадой.

      До пуска проверяется исправность оборудования пускаемого участка сети, просматриваются акты испытаний, промывки и приемки.

      16. Выявленные в процессе опробования замечания по тепловым сетям, источникам теплоснабжения и потребителям устраняются до начала отопительного сезона.

4. Режим отопления

      17. Теплоснабжающим организациям рекомендуется разработать и согласовать до 1 сентября с местными исполнительными органами города и района графики опробования, подключения систем теплоснабжения и расчетные графики гидравлических и температурных параметров. Трубопроводы тепловых сетей обеспечивают подачу потребителям теплоносителя (воды и пара) установленных параметров в соответствии с заданным графиком.

      18. После подключения всех зданий (домов) эксплуатирующие организации проводят проверку состояния оборудования и первичную регулировку внутридомовых систем.

      19. Недостатки в работе источников теплоснабжения, тепловых сетей и внутридомовых систем, выявленные в процессе эксплуатации, устраняются до начала отопительного сезона.

      20. С объявлением отопительного сезона:

      1) уточняется схема оповещения, утверждается дежурство ответственных работников объектов жилищно-коммунального и энергетического комплекса области;

      2) приводятся в готовность аварийно-восстановительные бригады на предприятиях;

      3) персоналом организаций, эксплуатирующих здания (дома), организуется периодический обход и контроль за работой систем теплоносителя и состоянием утепления зданий;

      4) на источниках теплоснабжения проверяется работа резервного и аварийного оборудования, наличие основного и резервного топлива, инструмента, материалов и запасных частей.

      21. С объявлением аварийной ситуации на теплоисточнике и тепловых сетях:

      1) на всех объектах жилищно-коммунального и энергетического комплекса вводится круглосуточное дежурство;

      2) на предприятиях и в организациях вводится повышенная готовность вспомогательных аварийно-восстановительных бригад, обеспеченных механизмами и материалами для использования в аварийных ситуациях.

5. Завершение отопительного сезона и обеспечение горячего водоснабжения в межотопительный период

      22. При средней температуре наружного воздуха +8°С и выше в течение трех суток или прогнозе о резком повышении температуры наружного воздуха акимы районов и города Атырау соответствующим распоряжением объявляют о завершении отопительного сезона.

      После окончания отопительного сезона организации, эксплуатирующие здания (дома), отключают систему центрального отопления и обеспечивают работу систем горячего водоснабжения по летней схеме.

      Сноска. Пункт 22 - в редакции решения Атырауского областного маслихата от 27.09.2024 № 124-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. Ремонт тепловых сетей, тепловых пунктов и систем теплопотребления рекомендуется производить одновременно до 1 сентября. Рекомендуемый срок ремонта, связанный с прекращением горячего водоснабжения – 14 календарных дней.

      24. В случаях, неурегулированных настоящими Правилами, следует руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан.

6. Ответственность за нарушение Правил

      25. Ответственность за нарушение Правил определяется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и договором на оказание услуг по передаче и (или) распределению тепловой энергии.