Атырау облыстық мәслихатының "Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 16 наурыздағы № 198-VI шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 124-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 қазанда № 5223-06 болып тіркелді

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының "Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 16 наурыздағы № 198-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4093 тіркелді) шешіміне келесі өзгеріспен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 және 6-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Алдағы жылу маусымында Атырау облысының инженерлік-энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылу маусымына дайындық жоспары) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын, жылу маусымы аяқталғаннан кейін қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жылу маусымына дайындық жоспарларын ұсынады;

      2) қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылу маусымына дайындық жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;

      3) қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылу маусымына дайындықтың бірыңғай жоспарларын жыл сайын 15 мамырға дейін "Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) жинақ үшін ұсынады;

      6-2. Жылу маусымына дайындық жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:

      1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындарымен қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына –апта сайын дүйсенбі күні;

      2) қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары өз өңірі бойынша жинақ есепті – Басқармаға апта сайын сейсенбі күні;

      3) Басқарма облыс бойынша жинақ есепті әр аптаның сәрсенбі күні – Атырау облысының әкімдігіне ұсынады.

      6-3. Жылыту маусымына дайындық кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған жағдайда есепке мыналар көрсетіледі:

      1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;

      2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;

      3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері көрсетіледі.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс үшін әзірлік паспорттарын уақытылы алмаған жағдайда, энергия өндіруші және энергия тасымалдаушы ұйымдар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Үш тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8℃ және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасы күрт көтерілуі туралы болжам болған кезде Атырау қаласы және аудан әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының аяқталғандығы туралы жариялайды.

      Жылу маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу жүйесін ажыратады және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады