Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 02.12.2022 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 бабы 5 тармағына, 704 бабы 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атырау қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау мәслихаттың аграрлық, сәулет, құрылыс, жер қатынастары, энергетика, тұрғын үй және автокөлік жолдары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Қ. Джаумбаев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХІІІ сессия төрағасы | Р. Шарипов |
Мәслихат хатшысы | Қ. Әзмұханов |