"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 07-6/25 ұсынысына сәйкес Кеңөзек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 22 "Кеңөзек ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4050 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кеңөзек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Ү. Есенғалиева |