Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 21.05.2018 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7)-тармақшасына және Атырау қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-6/357 ұсынысы бойынша, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара мал арасында құтыру ауруының пайда болуына байланысты Кеңөзек ауылдық округі "Шырпыной" учаскесі Куйрикпаев Кайролланың жеке секторы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.