"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 28 сәуіріндегі № 14-11/119 ұсынысы негізінде Бейбарыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 4 (нормативтик құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 4068 санымен тіркелген, 2018 жылғы 28 ақпан Қазақстан Республикасының нормативтик құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | М. Сарсенгалиев |