Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 4068 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 08.06.2018 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 08/12 ұсынысы негізінде Бейбарыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбарыс ауылдық округі Бейбарыс ауылы, Абай көшесіндегі № 70 үйге мүйізді ірі қара малдарынан құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Сарсенгалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Махамбет аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері
"14 " ақпан 2018 жыл
Е.Б. Сүйеуғалиев
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы Қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
"14 " ақпан 2018 жыл
Л. Мамаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады