Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 28.09.2020 № LVI-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5 тармағына, 704-бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Алтыбаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Сарсенгалиева |
Мәслихат хатшысы | Т. Бейсқали |