Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № LVI-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 4754 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 19-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 22.07.2022 № 19-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге көрсетілген Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 сәуірдегі № ХХІІІ-2 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4109 тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Алтыбаев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандықмәслихаттың LVІ сессия
төрағасының міндетін атқарушы,
аудандық мәслихат хатшысы
Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады