"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде, Жарсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарсуат, Қызылжар, Ақтан, Кетебай, Бұхар ауылдарындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің м.а. | Д. Қапашев |
Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы "13" қыркүйектегі № 26 шешіміне қосымша |
1. Жарсуат ауылындағы:
1) №1 көшеге – "Астана" атауы;
2) № 2 көшеге – "Қалу Қалбағаев" есімі;
3) № 3 көшеге – "Мағзом Жаналисов" есімі;
4) № 4 көшеге – "Құрманғазы" есімі;
5) № 5 көшеге – "Салих Ділмұхашев" есімі;
6) № 6 көшеге – "Шағала" атауы;
7) № 7 көшеге – "Махамбет" есімі;
8) № 8 көшеге – "Абай" есімі;
9) № 9 көшеге – "Мұрат Мөңкеұлы" есімі;
10) № 10 көшеге – "Мақпал Мусина" есімі;
11) № 11 көшеге – "Наурыз" атауы;
12) № 12 көшеге – "Тәуелсіздік"атауы;
13) № 13 көшеге – "Жәрдем Қазиев" есімі;
14) № 14 көшеге – "Борис Жанғалиев" есімі;
15) № 15 көшеге – "Меңдіғали Дәуіталиев" есімі;
16) № 16 көшеге – "Қуан Жәңгіров" есімі.
2. Қызылжар ауылындағы:
№ 1 көшеге – "Қызылжар" атауы.
3. Ақтан ауылындағы:
№ 1 көшеге – "Ақтан" атауы.
4. Кетебай ауылындағы:
№ 1 көшеге – "Кетебай" атауы.
5. Бұхар ауылындағы:
№ 1 көшеге – "Бұхар" атауы.