"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 112 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3874 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне және қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
"Ганюшкин ауылдық округінің әкімі" деген сөздер "Құрманғазы ауылдық округ әкімі" сөздерімен ауыстырылсын;
"Ганюшкин" сөзі "Құрманғазы" сөзімен ауыстырылсын;
"Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "25" мамырдағы № 112 шешіміне қосымшасы" сөздері "Құрманғазы ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы "25" мамырдағы № 112 шешіміне қосымшасы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | М. Мұғалім |