Ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 112 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 120 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 маусымда № 4180 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 112 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3874 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне және қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      "Ганюшкин ауылдық округінің әкімі" деген сөздер "Құрманғазы ауылдық округ әкімі" сөздерімен ауыстырылсын;

      "Ганюшкин" сөзі "Құрманғазы" сөзімен ауыстырылсын;

      "Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "25" мамырдағы № 112 шешіміне қосымшасы" сөздері "Құрманғазы ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы "25" мамырдағы № 112 шешіміне қосымшасы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Мұғалім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады