Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 11.02.2021 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту" мемлекеттік қызметінің регламенті осы қаулыға қосымша сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
А.Ш.Өсербаев | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
Т.Қ.Сәрсембаев | |
А.С.Сәбитов | |
А.Б.Тасыбаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 47 қаулысына қосымша |
"Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құжаттарды қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қол қойған немесе көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/е нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің медициналық анықтамасы (бұдан әрі – Анықтама).
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде дәрігердің бос уақытын, көрсетілетін қызметті беруші дәрігерлерінің кестесіне сәйкес рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және клиникалық-зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сиппатау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны мамандарға жібереді, 15 (он бес) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны мамандарға жіберу;
2) мамандар құжаттар топтамасын қарайды, тексеруді жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесіне береді, 1 (бір) жұмыс күн ішінде.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
3) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің тіркелуін мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
3-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі;
2) мамандар.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны мамандарға жібереді, 15 (он бес) минут;
2) мамандар құжаттар топтамасын қарайды, тексеруді жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесіне береді, 1 (бір) жұмыс күн ішінде;
3) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің тіркелуін мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут.
4-бөлім. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |