Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 12 ақпанда № 6063 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімдігінің кейбір қаулылары осы қаулының қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Ә.Е.Тұрғымбековке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      А.Ш. Жетпісбай
      М.И. Мырзалиев
      А.А. Абдуллаев
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      А.С. Сабитов
      А.Б. Тасыбаев
      С.А. Қалқаманов
      Ұ.Қ. Тәжібаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы "11" ақпандағы
№ 34 қаулысына қосымша

Облыс әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 1 шілдедегі "Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

      2. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 440 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3565 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 11 наурыздағы "Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3694 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

      4. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 1 сәуірдегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі №232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 88 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3727 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

      5. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 1 сәуірдегі "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 246 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 89 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

      6. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 11 сәуірдегі "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3741 болып тіркелген).

      7. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 2 маусымдағы "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 152 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3768 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

      8. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 маусымдағы "Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3773 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

      9. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 25 мамырдағы "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 "Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4119 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 маусымда жарияланған).

      10. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 тамыздағы "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 235 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4205 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қыркүйекте "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте жарияланған).

      11. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 қыркүйектегі "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 "Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" № 257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4215 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 қазанда жарияланған).

      12. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 қаңтардағы "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 175 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4443 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 ақпанда жарияланған).

      13. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 12 ақпандағы "Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" № 47 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 наурызда жарияланған).

      14. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 6 маусымдағы "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 "Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4646 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 шілдеде жарияланған).

      15. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" № 232 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5222 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 қазанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады