Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.05.2020 № 112 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 163 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4128 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Түркістан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшасы осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т. Нүкеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж. Түймебаев |
Қ.Т. Нүкенов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Е.Ә. Садыр | |
Ұ. Сәдібеков | |
Т.Қ. Сәрсембаев | |
Е.Қ. Тасжүреков | |
А.С. Сәбитов | |
А.Б. Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "16" қарашадағы № 311 қаулысына 1-қосымша |
Түркістан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
р/с № | Басым дақылдардың атауы |
1. | Күріш |
2. | Мақта |
Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "16" қарашадағы № 311 қаулысына 2-қосымша |
Түркістан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын субсидиялар нормалары
р/с № | Басым дақылдардың атауы | 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге |
1. | Қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өзінің қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге өткізілген күрішке | 4 000 |
2. | Мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақта | 12 000 |