Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Алынып тасталды – Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 30.06.2022 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Нұрмановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т. Телғараев |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қараша № 155 қаулысына қосымша |
Магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері
№ | Жер пайдалану шылар атауы | қауымдық серви туттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде: | |||||
ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | |||||||
егістік | оның ішінде: | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | ||||
суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Қызылқия ауыл округі | 4,272 | 1,776 | 1,752 | ||||
2 | Шарбұлақ ауыл округі | 2,6 | 1,328 | 1,272 | ||||
3 | Қазығұрт ауыл округі | 4,740 | 4,740 | |||||
4 | Шарапхана ауыл округі | 8,100 | 3,988 | 4,112 | ||||
5 | Қарабау ауыл округі | 0,168 | 0,116 | 0,052 | ||||
6 | Қ.Абдалиев ауылдық округі | 2,840 | 1,620 | 1,220 |
кестенің жалғасы
елдi мекендердiң жерi | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жері | су қорының жерi | босалқы жер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
0,744 | |||||