Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына және 71-1 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Батсу-Водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "№ 3 учаскесі" учаскесінде кірпіш өндірісіне қажетті саздақты барлау үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 2 (екі) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Батсу-Водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыны бюджет кірісіне өтесін.
3. "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ш.Нұрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т.Телғараев |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 162 қаулысына 1-қосымша |
"№ 3 учаскесі" учаскесінде кірпіш өндірісіне қажетті саздақты барлау үшін жария сервитут белгіленетін жер учаскелері
№ | Жер пайдалану шылар атауы | қауымдық серви туттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде: | |||||
ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | |||||||
егістік | оның ішінде: | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | ||||
суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Шанақ ауыл округі | 50,0 | 50,0 |
кестенің жалғасы
елдi мекендердiң жерi | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жері | су қорының жерi | босалқы жер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 162 қаулысына 2-қосымша |
"№ 3 учаскесі" учаскесінде кірпіш өндірісіне қажетті саздақты барлау үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуден туындайтын ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасы
№ | Ауылдық округтер атауы | алқаптар түрлері | қауымдық сервитут белгіленген жерлердің көлемі (гектар) | ауыл шаруашылық өндірісінің шығыны (теңге) |
1 | Шанақ ауыл округі | жайылым | 50,0 | 220 000 |