"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақтарал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Мақтарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы, | |
мәслихат хатшысы | М.Жайлымшиев |
Мақтарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 32-225-VI шешіміне қосымша |
Мақтарал аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбeсі
1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 46-292-V "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3321 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Мақтаарал" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 5-37-VІ "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3818 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда "Мақтаарал" газетінде және 2016 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;
3. Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-44-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3831 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда "Мақтаарал" газетінде және 2016 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;
4. Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 57-361-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3635 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде "Мақтаарал" газетінде және 2016 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі.