Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 19.06.2018 № 32-225-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық мөлшерлемесі, автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай, 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: А.Сатыбалдиев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: О.Дәндібаев
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 46-292-V шешіміне 1-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттар |
1 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 46-292-V шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатына қарай базалық салық мөлшерлемелері
Автотұрақтар (паркингтер) санаты | Елді мекендердің санаты | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтық базалық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы |
1 санат | Аудандық маңызы бар қала | 6,88 | Бір есе |
Кенттер | 0,96 | Бір есе | |
Ауылдар | 0,48 | Бір есе | |
2 санат | Аудандық маңызы бар қала | 6,88 | Бір есе |
Кенттер | 0,96 | Бір есе | |
Ауылдар | 0,48 | Бір есе |