"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 47/261-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3640 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірдегі "Отырар алқабы" газетінде және 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Отырар аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Мырзатай |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | М. Манапов |