1. Талапты ауылдық округіндегі атаусыз көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Талапты ауылдық округіндегі, Шытты елді мекеніндегі атаусыз көшеге- Ынтымақ атауы;
2) Талапты ауылдық округіндегі, Шытты елді мекеніндегі атаусыз көшеге- Достық атауы;
3) Талапты ауылдық округіндегі, Шытты елді мекеніндегі атаусыз көшеге-Мәңгілік ел атауы;
4) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Бейбітшілік атауы;
5) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Бірлік атауы;
6) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Болашақ атауы;
7) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Астана атауы берілсін.
2. "Отырар ауданы әкімдігінің Талапты ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талапты ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Сыздықбекке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талапты ауыл округінің әкімі | Д.Жипсыбаева |