Талапты ауылдық округіндегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Талапты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 наурызда № 4467 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2017 жылғы 22 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Талапты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талапты ауылдық округіндегі атаусыз көшелерге келесі атаулар берілсін:
      1) Талапты ауылдық округіндегі, Шытты елді мекеніндегі атаусыз көшеге- Ынтымақ атауы;
      2) Талапты ауылдық округіндегі, Шытты елді мекеніндегі атаусыз көшеге- Достық атауы;
      3) Талапты ауылдық округіндегі, Шытты елді мекеніндегі атаусыз көшеге-Мәңгілік ел атауы;
      4) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Бейбітшілік атауы;
      5) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Бірлік атауы;
      6) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Болашақ атауы;
      7) Талапты ауылдық округіндегі, Көкмардан елді мекеніндегі атаусыз көшеге - Астана атауы берілсін.
      2. "Отырар ауданы әкімдігінің Талапты ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талапты ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Сыздықбекке жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Талапты ауыл округінің әкімі Д.Жипсыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады