Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 1-6-345 ұсынысы негізінде, Жуантөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарсақтың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 11 "Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4250 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қарашада "Созақ-үні газетінде және 2017 жылы 16 қараша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жуантөбе ауылдық округі | |
әкімінің міндетін уақытша атқарушы | А.Мырзабекова |