Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 15.02.2018 № 3 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-6/287 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жуантөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуантөбе ауылдық округі Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің тұрғыны Мұхтар Нығметті тістеген қарсақтың құтырық ауырумен ауыруына байланысты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Жуантөбе ауылдық округі әкімінің кеңесші, іс-басқарушысыА.Мырзабековаға тапсырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жуантөбе ауылдық округі | |
әкімінің міндетін уақытша | |
атқарушы | Б.Жайлаубай |