Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Шардара ауданының Шардара қаласы мен елдi мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 қарашадағы № 9-68-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2147 тіркелген, 2012 жылдың 30 қарашада аудандық "Шартарап-Шарайна" газетінің № 51-52 санында жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шардара аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | З.Талбидин |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Муталиев |
Шардара аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 33-221-VI шешіміне қосымша |
|
Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 қарашадағы № 9-68-V шешіміне қосымша |
Шардара ауданының Шардара қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№ | Аймақтар атауы | Аймақтар нөмірі | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері |
1 |
Н.Оңдасынов, Ө.Түгелбаев көшелерінің және Төле би көшесінің бойымен жаңа көпірге дейінгі аралықтағы осы көшелердің екі жақ беті, Қазыбек би, Әйтеке би және Әл-Фараби көшелері бойындағы жер телімдері түгелімен және Б.Саттарханов көшесімен Жастар көшесінің қиылысынан басталатын, Жастар көшесінің бойында орналасқан жер телімдері, Әл-Фараби көшесінің сол жағы бойымен Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінің сол жағы бойымен Әйтеке би көшесіне дейін, Әйтеке би көшесінің сол жағы бойымен Төле би көшесіне дейін, Төле би қөшесінің сол жағы бойымен Шардара су қоймасының су қорғау аймағы, автобаза және механикалық-жөндеу зауыты аймағы дейінгі жерлер. | 1 | 1,2 |
2 | Темірбеков көшесі бойымен Құршан көшесінің қиылысына дейін, екінші жағы Тоқтаров көшесінің қиылысына дейін, Шардара қаласының сол жағалауына өтетін көпірден бастап Арыс қаласына жүретін айналма жолдың екі жақ беті, Н.Оңдасынов көшесінің және Әл-Фараби көшесінің қиылысынан бастау алып жолдың екі жақ беті Шардара қаласының шекарасына дейін, Төле би көшесінің сол жақ бетімен Әйтеке би көшесіне дейін, осы көшеден бастау алып сол жақ бетінен Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінен бастау алып сол жақ бетінен Әл-Фараби көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесінен бастау алып Шардара су қоймасына дейін және Достық, Нұр-Отан мөлтек аудандары, Төле би көшесінің сол жақ бетін ала отырып Қ.Тұрысбеков көшесіне дейін, Қ.Тұрысбеков көшесінің сол жақ бетімен Төле би көшесіне дейінгі жерлер. | 2 | 1,0 |
3 | Шардара қаласының бірінші және екінші аймаққа кірмейтін аймақтары. | 3 | 0,7 |
Шардара ауданының ауылдық елдi мекендердегi бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтар атауы | Аймақтың нөмірі | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері |
Қ.Тұрысбеков ауылдық округі | ||
Қ.Тұрысбеков ауылы | 3 | 1,2 |
Ақберді ауылы | 5 | 1,0 |
Бимырза ауылы | 7 | 0,7 |
Қуан-құдық ауылы | 5 | 1,0 |
Пішентөбе ауылы | 5 | 1,0 |
Бозай ауылы | 5 | 1,0 |
Қоссейіт ауылдық округі | ||
Қоссейіт ауылы | 2 | 1,3 |
Жаушықұм ауылдық округі | ||
Жаушықұм-1 ауылы | 1 | 1,4 |
Бағыскөл ауылы | 5 | 1,0 |
Жаушықұм ауылы | 5 | 1,0 |
Қалғансыр ауылы | 5 | 1,0 |
Құйған ауылы | 5 | 1,0 |
Көксу ауылдық округі | ||
Көксу ауылы | 4 | 1,1 |
Айдарқұл-қашар ауылы | 6 | 0,9 |
Баспанды ауылы | 6 | 0,9 |
Жоласар ауылы | 6 | 0,9 |
Сырдария ауылы | 6 | 0,9 |
Ұзын ата ауылдық округі | ||
Ұзын ата ауылы | 1 | 1,3 |
Алатау батыр ауылдық округі | ||
Қазақстан ауылы | 4 | 1,1 |
Целинное ауылы | 4 | 1,1 |
Қызылқұм ауылдық округі | ||
Қызылқұм ауылы | 4 | 1,1 |
Достық ауылдық округі | ||
Достық ауылы | 4 | 1,1 |
Ақшеңгелді ауылдық округі | ||
Ақалтын ауылы | 4 | 1,1 |
Егізқұм ауылы | 6 | 0,9 |
Сүткент ауылдық округі | ||
Сүткент ауылы | 4 | 1,1 |
Шабырлы ауылы | 6 | 0,9 |