РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, "Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 3/6-VІ шешімі мен Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 199 қаулысының, "Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 3/7-VІ шешімі мен Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 198 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Малоубинское ауылдық округінің Волчиха ауылы;
Калинин ауылдық округінің Красная Заря ауылы;
2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Малоубинское ауылдық округінің Волчиха қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Малоубинское ауылдық округінің Малоубинка ауылының құрамына;
Калинин ауылдық округінің Красная Заря қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Калинин ауылдық округінің Березовка ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия Облыс төрағасы Л. Тұмашинов әкімі Д. Ахметов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк |