РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/14-VI шешімі және Глубокое аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 142 қаулысы, "Бородулиха ауданының елді мекендері мен елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 23-7-VI шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 144 қаулысы негізінде облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік–аумақтық бірліктері:
Глубокое ауданы бойынша:
Калинин ауылдық округі БерҰзовка ауылдық округі болып;
Киров ауылдық округі Ертіс ауылдық округі болып;
Куйбышев ауылдық округі Быструха ауылдық округі болып;
Фрунзе ауылдық округі Тархан ауылдық округі болып;
Бородулиха ауданы бойынша:
Құнарлы ауылдық округінің Вторая Пятилетка ауылы Жарбұлақ ауылы болып;
Подборный ауылдық округінің Романовка ауылы Жақсылық ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс | |
әкімі | Д. Ахметов |
Сессия | |
төрағасы | А. Ахметова |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | В. Головатюк |