Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 356 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/288-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 5718 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/14-VI шешімі және Глубокое аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 142 қаулысы, "Бородулиха ауданының елді мекендері мен елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 23-7-VI шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 144 қаулысы негізінде облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік–аумақтық бірліктері:

      Глубокое ауданы бойынша:

      Калинин ауылдық округі БерҰзовка ауылдық округі болып;

      Киров ауылдық округі Ертіс ауылдық округі болып;

      Куйбышев ауылдық округі Быструха ауылдық округі болып;

      Фрунзе ауылдық округі Тархан ауылдық округі болып;

      Бородулиха ауданы бойынша:

      Құнарлы ауылдық округінің Вторая Пятилетка ауылы Жарбұлақ ауылы болып;

      Подборный ауылдық округінің Романовка ауылы Жақсылық ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс
      әкімі Д. Ахметов
      Сессия
      төрағасы А. Ахметова
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады