РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 25 мамырдағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелері:
Ленин көшесі – Мәңгілік Ел көшесі;
Полковничий аралы көшесі – Бейбітшілік аралы көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс | |
әкімі | Д. Ахметов |
Сессия | |
төрағасы | А. Ахметова |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | В. Головатюк |