Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 355 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/289-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 5719 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 25 мамырдағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелері:

      Ленин көшесі – Мәңгілік Ел көшесі;

      Полковничий аралы көшесі – Бейбітшілік аралы көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс
      әкімі Д. Ахметов
      Сессия
      төрағасы А. Ахметова
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады