Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 қарашада № 5-4-181 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 қазандағы № 48/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 20.10.2020 № 48/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.10.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).
      РҚАО - ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 25920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 24.09.2019 № 35/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

      2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай - көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (әрі қарай Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге еркін түрде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бектітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттарды береді;

      3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға:

      көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Риддер қаласынан тыс ауылды жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 27.12.2019 № 38/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Козлов
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

  Риддер қалалық мәслихатының
2018 жылғы 25 қазандағы
№ 25/8-VI шешіміне
қосымша

Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/5-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3435 болып тіркелген, 2014 жылы 19 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4081 болып тіркелген, 2015 жылы 9 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 4/9-VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4649 болып тіркелген, 2016 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      4. Риддер қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 қазандағы № 16/6-VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5274 болып тіркелген, 2017 жылы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддера

Решение Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 25 октября 2018 года № 25/8-VI. Зарегистрировано Управлением юстиции города Риддера Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 27 ноября 2018 года № 5-4-181. Утратило силу -решением Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 20 октября 2020 года № 48/3-VI

      Сноска. Утратило силу -решением Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 20.10.2020 № 48/3-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, и распространяется на отношения возникшие с 01.10.2020).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Риддерский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 25920 (двадцать пять тысяч девятьсот двадцать) тенге специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддера.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.09.2019 № 35/9-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить следующий порядок оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее – социальная поддержка):

      1) назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния города Риддера" (далее - услугодатель);

      2) для получения социальной поддержки физическое лицо (или его представитель по нотариально заверенной доверенности) (далее – услугополучатель) обращается в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее Государственная корпорация) к услугодателю с заявлением в произвольной форме и представляет документы в соответствии с пунктом 9 Стандарта государственной услуги "Назначение социальной помощи специалистам социальной сферы, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, по приобретению топлива" утверждҰнного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279;

      3) решение о назначении социальной поддержки либо мотивированный ответ об отказе при обращении в Государственную корпорацию, услугодателю принимается услугодателем с момента регистрации пакета документов в течение 10 (десять) рабочих дней, при обращении в Государственную корпорацию день приема не входит в срок оказания государственной услуги;

      4) основанием для отказа в назначении социальной поддержки является:

      предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, указанному в подпункте 2) настоящего пункта и (или) документов с истекшим сроком действия;

      недостоверность сведений или несоответствие документов предоставляемых заявителем;

      проживание в сельской местности за пределами города Риддера;

      при совмещении должностей, должность получателя социальной поддержки по основному месту работы, не соответствует перечню должностей имеющих право на социальную поддержку;

      повторное обращение в течение года, в случае назначения социальной поддержки в текущем году.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.12.2019 № 38/10-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившими силу некоторые решения Риддера городского маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Козлов
      Секретарь городского маслихата И. Панченко

  Приложение
к решению Риддерского
городского маслихата
от 25 октября 2018 года
№ 25/8-VI

Перечень утративших силу некоторых решений Риддерского городского маслихата

      1. Решение Риддерского городского маслихата от 15 июля 2014 года № 28/5-V "О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3435, опубликовано 19 августа 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. Решение Риддерского городского маслихата от 14 июля 2015 года № 36/7-V "О внесении изменения в решение Риддерского городского маслихата от 15 июля 2014 года № 28/5-V "О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4081, опубликовано 9 сентября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Решение Риддерского городского маслихата от 20 июля 2016 года № 4/9-VI "О внесении изменения в решение Риддерского городского маслихата от 15 июля 2014 года № 28/5-V "О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4649, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 25 августа 2016 года).

      4. Решение Риддерского городского маслихата от 25 октября 2017 года № 16/6-VI "О внесении изменения в решение Риддерского городского маслихата от 15 июля 2014 года № 28/5-V "О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5274, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 10 ноября 2017 года).