"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 4/9-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда № 4649 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 25.10.2018 № 25/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына, сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/5-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3435 тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Мой город Риддер" газетінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 34 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      3 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.".
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессияның төрағасы С. КАРИМОВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады