Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 30.12.2019 № 42/10-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2. "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Абай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 5/3-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4693 тіркелген, 2016 жылғы 24-31 қазанда "Абай елі" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде 2016 жылғы 21 қазанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |