Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/10-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 6480 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабының 2-тармағының 1) тармақшасына, Қазақсатан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7–бабының 5–тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.1) "Абай ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018–2019 жылдарға арналған іс–шара жоспарын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22/5–VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5–5–199 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22/6 –VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5–5–141 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады