Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 04.03.2022 № 11/214-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 21/153-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-166 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 11 мамырында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы";
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 509-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Аягоз ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Омаров |
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы | С. Искаков |