Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 11/214-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27103 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 21/153-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-166 болып тіркелген) мәслихат шешімі;

      2) "Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 21/153-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы №25/176-VI (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-174 болып тіркелген) мәслихат шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы К. Досиханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады